Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Қаратау қаласының Қарттар үйінен келген қала қонақтарына экскурсия жүргізді

Қаратау қаласының Қарттар үйінен келген қала қонақтарына экскурсия жүргізді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлері Қаратау қаласының Қарттар үйінен келген қала қонақтарына экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан,діни ескеткіштеріміздің бірі, сәулет өнерінің үздік нұсқасы, шаһарымыздың інжу-маржаны «Айша бибі», «Қарахан» кесенелерін аралап ортағасырлық қала мәдениетінің озық үлгісімен таныстырылды. Мирас болып келе жатқан тарихи мұра ескерткіштерімізді насихаттау жұмыстары тек жас жеткіншектер арасында ғана емес, жалпы барша азаматтар, соның ішінде осындай көпті көрген асыл қарияларымыздың арасында да жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар көненің көзі болған жәдігерлеріміздің тарихын терең түсіндіру барысында, асыл ардагерлеріміз өз ой-толғаныстарын, пікірлерін білдірді. Екі мың жылдан астам тарихы бар қасиеті мен өсиеті қатар өрілген қаламыз туралы жаңаша мәліметтер алған қариялар өз алғыстарын айтты.