Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Тарихи нысандарда түсірілім жұмыстары жүргізілді

Тарихи нысандарда түсірілім жұмыстары жүргізілді

Бүгін “Qazaqstan” Ұлттық арнасы және Республикалық "Абай ТВ" телеарнасының "Жәдігер" бағдарламасының кезекті санын "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи -мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық Қараханид дәуіріне жататын "Қарахан", "Дәуітбек", "Айша-бибі", "Бабаджа хатун" сынды тарихи нысандарында түсірілім жұмыстары жүргізілді. Түсірілмнің басты мақсаты тарихымен талайды таңдай қақтырған, рухани қазынасы мол, бірнеше түркі мемлекеттерінің астанасы болған Тараз қаласының тарихымен таныстыру. Сонымен қатар, сұхбат барысында осындай тарихи нысандардың аумағында туристік тартымдылықты арттыру мақсатында атқаралып жатқан жұмыстар жайлы мекеме басшысы Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналыұлы баяндап берді.