Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді»

«Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлерім Тараз қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде "Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді" тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында білім алушыларға музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы бейнематериал форматында мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлер ұсынылды. Бұл көне қаламыз Тараз осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды.

Іс-шара соңында кітапхана директоры У.Саулебаева музей-қорық қызметкерлеріне өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттағаны үшін алғыс айтып, ұжымға «Алғыс хат» табыстап, жаңа жетістіктер тіледі!