Маусымдық мониторинг жұмыстары
Қазақстан Республикасының Мәденит және спорт министрлігі Мәдениет комиеттінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандардың жай-күйін білу мақсатында маусымдық мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасуда.
Мониторинг жұмыстары Сарысу ауданындағы Шоқай Датқа кесенесінен бастау алып, Талас ауданындағы Қарақожа және Абдулла Ишан мешіттерінің қазіргі таңдағы жағдайына бақылау жүргізумен жалғасты. Мониторинг жүргізу барысында мекеме қызметкерлері жергілікті қорғау инспекторларымен кездесіп, ескерткіштерді сақтау,қалпына келтіру және ғылыми зерттеудің өзекті мәселелері, тарихи-мәдени нысандардың жұмыстары бойынша ақпараттар алынып, қорғау міндеттемелеріне қол қойылып, тапсырмалар берілді.