Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / О музее / Фонд музея / Акция «Дар музею» / Түргеш монетасын сыйлады

Түргеш монетасын сыйлады

2021 жылдың тамыз айында Тараз қаласының тұрғыны, МКК «Тараз Су» қызметкері Дархан Қожахметов VII-VIII ғғ. тән монетаны табыстады. Дархан Қожахметов көне жәдігерді Сүлейменов көшесінің бойында жұмыс жүргізу барысында кездейсоқ тауып, музей қорына сыйға тартты. Ерекшеліктері мен жасалу кезеңін зерттеген музей мамандары монетаны VII-VIII ғасырға жатқызды.

Ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлеріміздің тарихи мұра ретінде музейіміздің қорына тапсырып, халық игілігіне ұсынып, зор үлесін қосқаны үшін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Н.Бықыбаев музей баспасынан шыққан сый-сыяпаттарды тапсырды.