Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Медиа / Сми о нас / «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов ашып, жүргізді. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.