Ежелгі Тараз

«Жамбыл облысы мешіттерінің сәулеті: тарихи және салыстырмалы талдау» тақырыбындағы мақаласы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Шалкеева Жұлдыз Мұханқызының «Жамбыл облысы мешіттерінің сәулеті: тарихи және салыстырмалы талдау» тақырыбындағы мақаласы «Tekturmas» республикалық тарихи - танымдық, ғылыми, әдеби - мәдени журналында жарық көрді.
 
Мақалада Жамбыл облысы аумағында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бой көтерген Жүнісбай, Нәметбай, Әбдіқадыр, Қарақожа және Абдулла ишан мешіттерінің сәулеттік ерекшеліктері, аймақтық ислам сәулеті дәстүріндегі орны мен тарихи-мәдени маңызы кеңінен қарастырылды.