Ежелгі Тараз

Жалпақтөбе тарихы Түркия оқырмандарына таныстырылды

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Орынбасар Ақерке Ерғабылқызының Жалпақтөбе (Жікіл) қалашығына арналған ғылыми мақаласы Түркияның Global Bakış ақпараттық сайтында жарық көрді.
 
Мақалада Тараз өңіріндегі көне қалашықтардың бірі — Жалпақтөбенің тарихы мен археологиялық зерттелуіне қатысты деректер қамтылған. Автор қалашықтың қалыптасу тарихына, сәулеттік құрылымына және археологиялық қазбалар барысында анықталған жәдігерлерге тоқталып, нысанды зерттеу мен тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызын баяндайды.
 
Ғылыми еңбектің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден оқи аласыз: Kazakistandan Cambul Bozkırları