Ежелгі Тараз

Таргу студенттеріне экскурсия 2023.11.06

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттеріне рухани құндылықтардың ордасы болған «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған ортағасырлық қала орнын таныстырып, қалашық тарихына саяхат жасады.