Ежелгі Тараз

Республика күні (2023)

Қазан айының 20-21 күндері ұлттық мереке – Республика күніне орай жастарды еліміздің мәдени орындарын қастерлеуге, азаматтарды вандализм жасаудан алшақ болуға шақыру мақсатында ескерткіш, монументтер мен киелі нысандарды қалпына келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізу көзделді. Аталмыш іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымыда белсене қатысып, Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде, Қарахан және Айша бибі кесенелерінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.