Ежелгі Тараз

Қарахан баба кесенесінің түпнұсқа кірпішімен танысыңыз!

Ұлы Жібек жолының жауһары — Қарахан баба кесенесі — кірпіш қабырғаларындағы өрнектермен
безендірілген, ғасырлар сырын сақтаған. Әр ою-өрнек — шебердің қолынан шыққан мұра және тарихтың ізі.
Кесененің түпнұсқа кірпіштеріндегі өрнектер сол дәуірдегі сәулет өнерінің жоғары деңгейін дәлелдейді.
Бұл — бабаларымыздың шеберлігін, талғамы мен рухани дүниесін бейнелейтін баға жетпес мұра.
Келіңіз, тарихпен кездесіп, өз көзіңізбен тамашалаңыз!