Ежелгі Тараз

Құнды жәдігер – музейге сый!

        «Музейге сый тарту» акциясы аясында Исамбаева Дана Айша бибі кесенесінің түпнұсқа кірпішін музей қорына сыйға тартты.

        Бұл – тек кірпіш емес, түркі-ислам сәулет өнерінің бірегей үлгісі, ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұра. Айша бибі кесенесінің түпнұсқа бөлшегі – халқымыздың өткен тарихынан сыр шертетін баға жетпес жәдігер.

        Осындай асыл мұраның музейімізде орын алуы – болашақ ұрпаққа мол рухани азық, тарихи жадымызды сақтау жолындағы үлкен үлес деп білеміз.

Құрметті Дана ханымға шынайы алғысымызды білдіреміз!

8787878.jpg 468.14 KB