Ежелгі Тараз

«Бөріқазған, Тәңірқазған – неолит дәуірінің тұрақтары» тақырыбындағы мақала

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ерғабылқызы Ақеркенің «Бөріқазған, Тәңірқазған – неолит дәуірінің тұрақтары» тақырыбындағы мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді.
 
Мақалада Бөріқазған мен Тәңірқазған тұрақтарының зерттелу тарихы, олардың неолит дәуіріндегі маңызы, археологиялық ерекшеліктері мен ғылыми құндылығы кеңінен қарастырылған. Бұл тұрақтардың ежелгі адамзаттың тұрмыс-тіршілігін, еңбек құралдарын жасау технологиясын және табиғатпен байланысын танып-білудегі орны ерекше екені атап өтіледі.