Ежелгі Тараз

Жаңалықтар

Музей өмірі мен мәдени іс-шаралар туралы соңғы жаңалықтар

«Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында ALEM 3 курс танымдық дәрісі Жаңалықтар
12.09.2023

«Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында ALEM 3 курс танымдық дәрісі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан «ALEM» кәсіби білім беру колледжінде   3 курс студенттеріне танымдық дәріс оқыды. Танымдық дәрістің мақсатын және ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын ғылыми қызмет бөлімінің мамандары Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы айтып түсіндірді. Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руха...

Толығырақ
Кезекті мониторинг жұмыстары Жаңалықтар
01.09.2023

Кезекті мониторинг жұмыстары

2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-жапсарын білу мақсатында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тарих және мәдениет ескерткіштердің қатарында: Әбдіқадыр мешіті, Әулие ата (Жүнісбай) мешіті, Қали Жүніс моншасы, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Тектұрмас кесенесі, Талас өзенінен өтетін ортағасырлық көпірдің қирандылары және Жікіл қал...

Толығырақ
«Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» Жаңалықтар
24.08.2023

«Тарих тағылымы – қасиетті құндылық»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» тақырыбындағы танымдық бағдарлама аясында Тамыз конференциясының Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларынан келген мамандарына Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан, 62 түрлі ою-өрнекпен көмкерілген Айша бибі кесенесінде дәріс өткізді. Сонымен қатар, дәріс барысында Айша бибі кесенесінің жа...

Толығырақ
"Урок истории - это священная ценность" Жаңалықтар
24.08.2023

"Урок истории - это священная ценность"

Сотрудники Государственного историко-культурного музея-заповедника "Памятники Древнего Тараза" при Комитете по культуре Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в рамках познавательной программы» Тарих Тараз тағылымы – қасиетті құнметтер " проведут лекцию для специалистов августовской конференции из городов Алматы, Шымкент, Костанай в мавзолее Айша биби, расположенном в 18 километрах от города Тараз, украшенном 62 различными орнаментами ных. Кроме того, в ходе лекции также была затрон...

Толығырақ
I Жазғы мектебінің ашылуы Жаңалықтар
24.08.2023

I Жазғы мектебінің ашылуы

Ағымдағы жылдың 22–23 тамыз күндері Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен«Ұлы Дала елі» орталығында музей мамандарының I Жазғы мектебінің ашылуы өтті. Жазғы мектептің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Музейлер басқармасының басшысы Гүлзейнеп Пазылова мен Түркістан облыстық Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Министрлік өкілі Гүлзейнеп Анафияқызы арнайы баяндама дайындап, ми...

Толығырақ
Мәди Мәтен арнайы жиналысы Жаңалықтар
17.08.2023

Мәди Мәтен арнайы жиналысы

Бүгін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен арнайы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жергілікті жауапты сала мамандарының басын қосып, кеңесті. Аталмыш жиналыста біршама шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер көтеріліп, ойға алынды. Өңіріміз талай ғасырлық тарихымен, тарихы тереңде жатқан орындарымен әйгілі. Оның ішінде, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер болса, облыстық маңызы бар ескерткіштер де жетерлік. Оларды қорғап, сақтап...

Толығырақ
Археолог күні 2023 Жаңалықтар
16.08.2023

Археолог күні 2023

Құрметті археология саласының мамандары! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Археология ғылымы Қазақ елінің көне кейпін халыққа дәріптеп, сан ғасырды артқа тастап, бай тарихымызбен танысуға мүмкіндік беруде. Сіздер жер астында сақталып қалған дүниелерді танытып, оны жылдар бойы зерттеп, жаңа тарих беттерін әлемге паш етудесіздер. Ұлы дала еліміздің сыры ашылмаған беймәлім дүниелері қаншама. Соның барлығы Сіздердің арқаларыңызда жарық көруде. Нәтижесінд...

Толығырақ
Хух-Хото қаласынан қытай делегациясы Жаңалықтар
12.08.2023

Хух-Хото қаласынан қытай делегациясы

Ағымдағы жылдың 11-12 тамыз күндері Хух-Хото қаласынан қытай делегациясы Тараз қаласына келді. Аталмыш делегацияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан кесенесінде экскурсия жүргізілді. Шетелдік қонақтар өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойды.

Толығырақ
Мониторинг жұмыстары жалғасуда Жаңалықтар
11.08.2023

Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары Жамбыл облысы Талас ауданындағы Сейілбек ауылының шығыс шетіндегі Қарақожа мешітіне, Үшарал ауылындағы Абдулла Ишан мешітіне, Қызыләуіт ауылынан 10–13 км жерде орналасқан Тәңірқазған, Бөріқазған тұрақтарына, Ақкөл ауылынан 11 шақырым оңтүстік-батысқа қарай, Ақкөл көлінің оңтүстігінде орналасқан Ақкөл тұрағына және Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орналасқан Шоқай Датқа кесенесіне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 202...

Толығырақ
 «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мониторинг жұмыстары Жаңалықтар
09.08.2023

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мониторинг жұмыстары

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл облысында орналасқан Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-жапсарын білу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Аталмыш мониторинг жұмыстары Шу ауданындағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Ақтөбе (Баласағұн) қалашығынан бастау алып, Меркі, Құлан, Өрне...

Толығырақ
Ежелгі Тараздың "Қарахан" Журналында мақалалар жарық көруде Жаңалықтар
03.08.2023

Ежелгі Тараздың "Қарахан" Журналында мақалалар жарық көруде

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми бөлім қызметкерлері Ұлжалғас Шаизханның «Қостөбе – Талас өңіріндегі қала мәдениетінің озық үлгісі» және Мадина Мананбайқызының «Мерке – ортағасыр өркениеті» тақырыбында мақалалары «Қарахан» тарихи-танымдық, әдеби-көпшілік журналына жарық көрді.

Толығырақ