Жүнісбай мешітіне және Көне Тараз археологиялық паркінің аумағында мониторинг жұмыстары жүргізілді
17.06.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жүнісбай мешітіне мониторинг жүргізді. Зерделеу барысында нысанның техникалық жай-күйі мен сақталу деңгейі қаралып, ескерткішті қорғау бағытындағы жұмыстардың орындалуы назарға алынды.



Музей-қорықтың қызметкерлері Көне Тараз археологиялық паркінің аумағындағы тарихи нысандардың жай-күйін зерделеп, олардың сақталу деңгейін тексерді.


