Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

ЖШС «TARAZ HIGH SCHOOL» мектебінде «Тараздың тағылымды тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

29.09.2026
ЖШС «TARAZ HIGH SCHOOL» мектебінде «Тараздың тағылымды тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды
ЖШС «TARAZ HIGH SCHOOL» мектебінде «Тараздың тағылымды тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
 
Көрменің мақсаты – оқушыларды Тараздың көне тарихымен, археологиялық ескерткіштерімен және тарихи-мәдени мұрасымен таныстырып, туған өлке құндылықтарына қызығушылығын арттыру.
 
Көрме барысында оқушыларға шаһардың ежелгі кезеңнен бастау алатын тарихы, Ұлы Жібек жолы бойындағы орны, археологиялық нысандары мен туристік әлеуеті туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, көрме материалдары арқылы білім алушылар өңірдің тарихи-мәдени мұрасы жөнінде кеңірек мағлұмат алды.
Бөлісу: