Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Жылжымалы көрме өткізілді

02.12.2021
Жылжымалы көрме өткізілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" музей-қорығы «Тарихымызды жандандырған – Тәуелсіздік» атты жылжымалы көрмесін №7 Қалалық емханасының қызметкерлерінің назарына ұсынды. Көрме барысында көне шаһар Ұлы Жібек жолының керуен жолдарындағы ортағасырлық қала мәдениетінің озық үлгісі болғандығының және көне қаламыз Тараздың осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғанын айғақтайтын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи-мәдени жәдігерлер көрсетілді. Өз кезегінде, №7 Қалалық емханасының бас дәрігері Жұманқұлов М.С музей-қорық қызметкерлеріне атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

Бөлісу: