Халықаралық ғылыми конференцияда Тараздың тарихи-мәдени мұрасы талқыланды
18.11.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Тараз – тарихқа тағзым, болашаққа бағдар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Онлайн форматта өткен ғылыми жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты – көне шаһар мен оның төңірегіндегі тарихи-мәдени мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеу, археологиялық зерттеулердің нәтижелерін ортаға салу, тарихи ескерткіштерді сақтау мен насихаттаудың заманауи тәсілдерін талқылау және халықаралық ғылыми байланыстарды дамыту.
Баяндамаларда Тараз тарихының көне дәуірден бүгінге дейінгі археологиялық зерттелуі, сәулет және мәдени мұра нысандарын қорғау, тарихи құндылықтарды цифрландыру мен зерттеудің жаңа әдістері қамтылды. Сондай-ақ Қазақстан тарихының өзекті мәселелері мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне назар аударылды.




