Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Жамбыл телеарнасының «Таңғы Рауан» бағдарламасына сұхбат

18.05.2026
Жамбыл телеарнасының «Таңғы Рауан» бағдарламасына сұхбат
Халықаралық музейлер күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері Ақдидар Жәнібекқызы мен Ақерке Ерғабылқызы Жамбыл телеарнасының «Таңғы Рауан» бағдарламасына сұхбат берді.
 
Эфир барысында музей-қорықтың құрылу тарихы, бөлімдердің қызметі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тарихи ескерткіштерді қорғау бағытындағы жұмыстар, археологиялық қазбалар мен жәдігерлер туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ тарихи мұраларды қалпына келтіру және сақтау үдерістері мен өңір тарихына қатысты аңыз-әңгімелер де сөз болды.
 
Бөлісу: