Халықаралық музейлер күніне орай ашық есік күні!
18.05.2026
Халықаралық музейлер күніне орай «Көне Тараз» археологиялық саябағында ұйымдастырылған ашық есік күні аясында келушілер қатары артуда.
Іс-шара барысында қонақтар тарихи нысандармен танысып, экскурсия жетекшілерінен көне шаһар тарихы, археологиялық қазбалар мен жәдігерлер жөнінде мәлімет алды. Келушілерге тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталған танымдық экскурсиялар жүргізілуде.
