Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Халықаралық экспедиция қатысушылары Тараздың тарихи мұрасымен танысты

16.07.2026
Халықаралық экспедиция қатысушылары Тараздың тарихи мұрасымен танысты
«The Marco Polo Project – EV Journey from Europe to Asia» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған «Drive for Peace» экспедициясының қатысушылары Жамбыл облысына сапар барысында Тараз қаласының тарихи-мәдени мұра нысандарын аралады.
 
Делегация мүшелері Қарахан, Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелерінде болып, олардың тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи маңызымен танысты.
 
Сапар аясында қонақтар өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, Тараздың туристік әлеуетіне қызығушылық танытты.
 
Бөлісу: