Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ІЗІМЕН: КӨНЕ ТАРАЗ ЖӘДІГЕРЛЕРІ»

03.11.2026
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ІЗІМЕН: КӨНЕ ТАРАЗ ЖӘДІГЕРЛЕРІ»
№70 орта мектеп оқушылары көне Тараз тарихына арналған көрмені тамашалады. «Ұлы Жібек жолының ізімен: көне Тараз жәдігерлері» атты экспозицияда ежелгі қалашықтан табылған археологиялық олжалар таныстырылды.
 
Көрме экспозициясынан ежелгі қаланың мәдени және экономикалық өмірінен хабар беретін археологиялық жәдігерлер орын алды. Атап айтқанда, қыш ыдыстар, металл бұйымдар мен түрлі кезеңдерге тиесілі нумизматикалық материалдар ұсынылды. Бұл жәдігерлер оқушыларға көне қала тұрғындарының күнделікті өмірі, қолөнер дәстүрі және сауда қатынастары туралы мағлұмат алуға мүмкіндік берді.
 
Танымдық шара барысында оқушылар Тараздың Ұлы Жібек жолы жүйесіндегі тарихи орнын және қаланың өңірлік сауда мен мәдени байланыстарды дамытудағы маңызын таныды. Көрме жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, туған өлкенің археологиялық мұрасына деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Бөлісу: