«Ұлы Жібек жолындағы Тараз қаласының тарихи-мәдени маңызы» атты халықаралық онлайн семинар өтті
10.06.2026
Іс-шара Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру мемлекеттік қызметіне қарасты «Кешикчидаг» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Сланов Ержан Асқанбайұлы көне Тараздың Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи маңызына тоқталды.
Сондай-ақ «Кешикчидаг» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Мурсагулиев Муса Гамид оғлы құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық мәдени байланыстардың маңызын атап өтті.
Кездесу барысында екі елдің музей мамандары тарихи-мәдени мұраны сақтау, насихаттау және музей ісін дамыту бағытында тәжірибе алмасты. Қатысушыларға Қарахан кесенесі, Көне Тараз қалашығы және Айша бибі кесенесі бойынша таныстырылымдар ұсынылды.
