Түркия Республикасының ақпараттық сайтында ғылыми мақала жарияланды
11.08.2026
Түркия Республикасының ақпараттық сайтында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының ғылыми мақаласы жарияланды.
Зерттеу жұмысы «ESKİ TARAZ ARKEOLOJİ PARKI’NDA YÜRÜTÜLEN ARKEOLOJİK ARAŞTIRMALARIN AŞAMALARI VE SONUÇLARI» тақырыбында дайындалған.
Мақалада Ескі Тараз археологиялық паркінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің кезеңдері мен негізгі нәтижелері сараланып, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны халықаралық ғылыми ортада таныту бағытындағы жұмыстар қамтылған.
Мақаланың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз.








