Тектұрмас кесенесіне және Талас өзенінен өтетін ортағасырлық көпірдің қирандыларына мониторинг жүргізілді
25.06.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тектұрмас кесенесінің жай-күйіне мониторинг жүргізді. Зерделеу барысында нысанның сақталу деңгейі қаралып, тарихи ескерткішті қорғау бағытындағы жұмыстардың орындалуы тексерілді.



Сонымен қатар Талас өзені арқылы өтетін ортағасырлық көпір қирандыларының жай-күйі зерделенді. Тарихи нысанның сақталу деңгейі қаралып, оның қазіргі жағдайына бақылау жүргізілді.



