«Тарихи мұра, ғылыми зерттеулер және жастар: VI Халықаралық археологиялық далалық мектеп аясындағы Кешикчидаг–Тараз диалогы»
17.06.2026
«Тарихи мұра, ғылыми зерттеулер және жастар: VI Халықаралық археологиялық далалық мектеп аясындағы Кешикчидаг–Тараз диалогы» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Іс-шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Сланов Ержан Асқанбайұлы ашып, екі ел арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері мен тарихшылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, Құлан, Қостөбе қалашықтары, Ақыртас кешені және көне Тараздың тарихына қатысты баяндамалар жасады.
Кездесу аясында тарихи мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.
