«Тараздың мәдени мұрасы – ел тарихының айғағы» атты жылжымалы көрме өтті
01.06.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Тараздың мәдени мұрасы – ел тарихының айғағы» атты тақырыптық жылжымалы көрме өтті. Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылды.
Көрме барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері Тараз өңірінің тарихы мен мәдени мұрасы туралы мәлімет алып, музей-қорық қорындағы құнды жәдігерлермен танысты. Мамандар көне ескерткіштер мен тарихи мұралардың маңызы жөнінде әңгімелеп, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Танымдық шараның мақсаты – жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
