Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №32 орта мектебінде танымдық дәріс өтті
28.04.2026
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ерғабылқызы Ақерке 11-сынып оқушыларына «Құлшылық пен қайырымдылық мекені – Жүнісбай мешіті» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар көне Тараз тарихымен танысып, мешіттің тарихи және рухани маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Танымдық кездесу оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
