Тараз мұрасы Маңғыстауға жол тартады
03.07.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтетін «Тараз – Ұлы Жібек жолының жауһары» атты жылжымалы көрмеге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда көрмеге ұсынылатын археологиялық жәдігерлер мұқият іріктеліп, олардың сақталу жай-күйі тексерілуде. Сонымен қатар музейлік заттарды буып-түю, таңбалау және тасымалдауға дайындау жұмыстары халықаралық музейлік талаптарға сәйкес жүзеге асырылуда.
Жылжымалы көрме арқылы Маңғыстау өңірінің тұрғындары мен қонақтарына көне Тараздың бай тарихы мен мәдени мұрасын айғақтайтын бірегей археологиялық жәдігерлер ұсынылады.



