Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Тараз қаласының еріктілері үшін экскурсия өткізілді

18.10.2021
Тараз қаласының еріктілері үшін экскурсия өткізілді

«Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» акция аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелер басқармасының» ұйымдастыруымен, Тараз қаласындағы еріктілеріне экскурсия жүргізілді. Экскурсия барсында шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған, республикалық қорық-музейдің қарамағындағы тарихи-мәдени мұра нысандары: «Айша-бибі», «Бабаджа Хатун», «Қарахан», «Дәуітбек Шамансұр»кесенелері және "Тектұрмас" этно-мәдени кешені туралы ақпарат берілді. Жастарды көне шаһарымыздың ортағасырлық сәулет өнерінің, інжу-маржандарының тарихы, құрылысы мен халық ауыз әдебиетінің аңыздары қызықтырып,таң қалдырды.

Бөлісу: