Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Танымдық экскурсия жүргізді

14.05.2022
Танымдық экскурсия жүргізді

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитеті мүшелері киелі Тараз шаһарына әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша іс-сапармен келді.

Қала қонақтары ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандармен танысты. Музей қызметкерлері тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан "Айша бибі ", " Қарахан", "Тектұрмас " кесенелерінің тарихы, құрылысы туралы баяндап, танымдық экскурсия жүргізді.

Бөлісу: