Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
22.09.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын сақтау және қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат берілді.
Тақырыптық дәрісті музей-қорықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Балнұр Алпысбаева Қарымсақова өткізді.
