Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Студенттерге Қостөбе қалашығының тарихы таныстырылды

05.11.2026
Студенттерге Қостөбе қалашығының тарихы таныстырылды
Тараз «Парасат» жоғары колледжінің «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1-курс студенттеріне «Қостөбе қалашығының тарихы» тақырыбында дәріс өткізілді.
 
Дәрісті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы жүргізді.
 
Кездесу барысында Қостөбе қалашығының қалыптасу тарихы, археологиялық зерттелуі мен тарихи маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ студенттерге өңірдің көне қалалары мен археологиялық мұраларды зерттеу және сақтау бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
Бөлісу: