Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Оқушыларға көне Тараз жәдігерлері таныстырылды

06.11.2026
Оқушыларға көне Тараз жәдігерлері таныстырылды
№66 орта мектептің 4-сынып оқушыларына «Мыңжылдықтар мұрасы – музей төрінде» атты көрме ұйымдастырылды.
 
Көрме экспозициясынан көне Тараз қалашығынан табылған археологиялық жәдігерлер орын алды. Олардың қатарында қыш ыдыстар, тұрмыстық бұйымдар, металл заттар мен көне теңгелер бар.
 
Оқушылар тарихи бұйымдарды тамашалап, олардың жасалу ерекшеліктері мен қолданысы туралы мәліметтерге қанықты. Сондай-ақ жәдігерлер арқылы ортағасырлық Тараз тұрғындарының күнделікті тұрмысы, қолөнері және мәдениеті туралы мағлұмат алды.
 
Көрме жас ұрпақтың тарихи мұраға қызығушылығын арттырып, туған өлке тарихын музей жәдігерлері арқылы танып-білуіне мүмкіндік берді.
Бөлісу: