Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Сейдахан Бақторазовтың «Көшпелі қоғам өркениетіндегі билердің орны» атты мақаласы жарық көрді

08.05.2026
Сейдахан Бақторазовтың «Көшпелі қоғам өркениетіндегі билердің орны» атты мақаласы жарық көрді
2026 жылдың 24 сәуірінде Ордабасы құрылтайының 300 жылдығы аясында өткен «Қазақ қоғамындағы билер институты: Тарих және Тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағында «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Сейдахан Бақторазовтың «Көшпелі қоғам өркениетіндегі билердің орны» атты мақаласы жарық көрді.
 
Мақалада көшпелі қоғам өркениетіндегі билердің орны мен қазақ қоғамындағы әділ сот, бірлік және заң жүйесінің маңызы жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» арқылы қазақ даласында заң мен тәртіптің ерте қалыптасқаны баяндалған.
 
Сондай-ақ Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды тарихи тұлғалардың ел бірлігін сақтаудағы және жоңғар шапқыншылығы кезеңінде халықты біріктірудегі тарихи рөлі ерекше атап көрсетілген.
Бөлісу: