Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Республикалық семинар өтті

29.10.2021
Республикалық семинар өтті

2021  жылғы 29 қазанда Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірбие» атты республикалық семинарын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты-ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Осыған орай Республикалық «Ежелгі Тараз ескерткіштері»  қорық-музейінің қызметкерлері Тараз қаласының тарихи-мәдени  дамуының айғағы болған, археологиялық қазба жұмыстарының барысында табылған  құнды жәдігерлерден жасақталған «Тараздың тарихи-мәдени құндылықтары» атты жылжымалы көрмені семинар қатысушыларының назарларына ұсынды. Жылжымалы көрмені ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі-Дәуешов Н.М, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, республикамыздың әр облысынан жиналған тіл басқармасының басшылары, сарапшылар сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзге де өкілдері тамашалады.

Бөлісу: