Ресей Федерациясының Ленинград облысынан келген делегация Айша бибі кесенесімен танысты
22.10.2026
Ресей Федерациясының Ленинград облысынан келген делегация Тараздың тарихи-мәдени нысандарымен танысу бағдарламасы аясында Айша бибі кесенесіне барды.
Қазақстанның ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштерінің бірі саналатын Айша бибі кесенесі өзінің бірегей сәулеттік безендірілуімен ерекшеленеді. Экскурсия барысында делегация мүшелеріне кесененің тарихы, сәулеттік ерекшеліктері және еліміздің тарихи-мәдени мұрасындағы орны туралы мәлімет берілді.
Тараздың тарихи нысандарын аралау делегацияға өңірдің бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

