«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Талас көпірінің тарихы» тақырыбында дәріс өткізілді
19.02.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке Ерғабылқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Талас көпірінің тарихы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге Талас өзені бойында орналасқан тарихи көпірдің салыну кезеңдері, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі, сәулеттік ерекшеліктері мен тарихи маңызы жан-жақты баяндалды.
