Қарахан кесенесі туралы танымдық материал Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды
03.06.2026
Көне Тараздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұраларын халықаралық деңгейде таныту мақсатында Қарахан кесенесі туралы танымдық материал Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Жарияланымда ортағасырлық сәулет өнерінің жауһары саналатын Қарахан кесенесінің тарихы, архитектуралық ерекшеліктері мен рухани маңызы туралы кеңінен баяндалды. Материалды музей-қорықтың экскурсия жетекшісі Али Мұхтасимов әзірледі.
Түркиялық ақпарат кеңістігінде жарық көрген бұл мақала көне Тараздың бай шежіресін дәріптеуге, тарихи орындарға деген қызығушылықты арттыруға және өңірдің туристік әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.
Қарахан кесенесі – халқымыздың өткенінен сыр шертетін, талай ғасырдың куәсіне айналған бірегей сәулет ескерткіші. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, тарихи мұраны әлем жұртшылығына таныту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.








