«Өткеннің ізімен: керамикалық жәдігерлерді қалпына келтіру»
25.05.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен оқушыларға арналған тәжірибелік-танымдық сабақ өтті. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, көне жәдігерлерді сақтау ісінің маңызын жан-жақты таныстыру.
Танымдық сабақты музей-қорықтың суретші-реставраторы Тазан Бауыржан жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар керамикалық бұйымдардың тарихымен танысып, уақыт сынынан өткен жәдігерлерді қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жасалатын жұмыс барысын меңгерді. Сондай-ақ реставрацияда қолданылатын әдіс-тәсілдер көрсетіліп, көне мұраны сақтау ісіндегі маман еңбегінің ерекшелігі кеңінен түсіндірілді. Практикалық бөлімде оқушылар қарапайым құрастыру және қалпына келтіру жұмыстарын орындап көріп, реставратор мамандығының қыр-сырына қанықты.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
