ҚОСТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ СЫРЫНА ТОЛЫ САПАР!
26.11.2025
Бүгін М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттері үшін ерекше күн болды!
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы студенттерге «Қостөбе қалашығының археологиялық қазба жұмыстары және табылған құнды артефактілер» тақырыбында тартымды дәріс өткізді.
Дәріс барысында:
– Қостөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдері;
– Жер қойнауынан табылған бірегей артефактілердің тарихы;
– Олардың өңір мәдениеті мен өркениеті үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.
Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың отан тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастырады.



