Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Оқушыларға Көне Тараздың археологиялық мұрасы таныстырылды

23.11.2026
Оқушыларға Көне Тараздың археологиялық мұрасы таныстырылды
125 High School мектебінің 11-сынып оқушыларына «Көне Тараздың құнды мұралары» атты көрме ұсынылды. Экспозицияға көне Тараз қалашығынан табылған археологиялық және нумизматикалық жәдігерлер қойылды.
 
Тарихи бұйымдар арқылы оқушылар қаланың өткен кезеңдеріне қатысты заттай деректермен танысып, олардың жасалу ерекшеліктері мен мәдени құндылығы жөнінде мағлұмат алды.
 
Көрменің мазмұны жас ұрпақтың тарихи мұраға қызығушылығын оятып, көне жәдігерлерді тану арқылы туған өлкенің өткеніне құрметпен қарауға үндейді.
Бөлісу: