Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Өңірдің жас археологы» танымдық бағдарламасын ұйымдастырылды

19.05.2026
«Өңірдің жас археологы» танымдық бағдарламасын ұйымдастырылды
Халықаралық музейлер күніне орай «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімі «Көне Тараз» археологиялық саябағында «Өңірдің жас археологы» танымдық бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарламаға И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары қатысып, археология саласының қыр-сырымен танысты.
 
Шара аясында қатысушыларға көне Тараз тарихы мен археологиялық зерттеу жұмыстары туралы мәлімет беріліп, тарихи жәдігерлерден арнайы көрме ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар тәжірибелік қазба жұмыстарына қатысып, көне құмыра сынықтары мен тарихи бұйымдарды анықтау процесін бақылады.
 
Танымдық шара жасөспірімдердің тарих пен археологияға қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Галерея

Бөлісу: