Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Наметбай мешіті – тарих пен сәулет сабақтастығы» тақырыбында танымдық дәріс

14.05.2026
 «Наметбай мешіті – тарих пен сәулет сабақтастығы» тақырыбында танымдық дәріс
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ерғабылқызы Ақерке №32 орта мектеп 10 «А» сыныбында «Наметбай мешіті – тарих пен сәулет сабақтастығы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
 
Сабақ барысында оқушылар көне Тараз тарихымен танысып, Наметбай мешітінің тарихи және сәулеттік ерекшеліктері туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар, мешіттің рухани маңызы мен мәдени мұра ретіндегі орны кеңінен түсіндірілді.
 
Танымдық кездесу оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Галерея

Бөлісу: