Наметбай мешіті – тарих пен сәулет сабақтастығы
08.10.2026
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-курс студенттеріне Наметбай мешітінің тарихы мен сәулеттік ерекшеліктеріне арналған танымдық дәріс өтті. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Орынбасар Ақерке жүргізген кездесуде Наметбай мешітінің зерттелу тарихы, тарихи-мәдени мұра нысаны ретіндегі маңызы және сәулетінде көрініс тапқан ерекшеліктері таныстырылды.
Дәріс барысында студенттер тарихи нысанның қалыптасу тарихы мен оның Тараздың мәдени мұрасындағы орны туралы мағлұмат алып, көне сәулет ескерткіштерін сақтау мен зерттеудің маңызы жөнінде пікір алмасты.


