Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Ұлт болашағы саналы ұрпақ

03.02.2022
Ұлт болашағы саналы ұрпақ

Жамбыл аудандық «Айша бибі» кітапханасында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ұлт болашағы саналы ұрпақ» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Археологиялық жәдігерлерден жасақталған көрмеде күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыстар, IX-XIII ғасырға жататын қыш құмыралар,қола, қыш шырағдандар және т.б экспонаттар оқушылардың назарына ұсынылды. Артефактілерді көрген оқушылар музей-қорық қызметкерлерінен қызықтырған сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды.

Бөлісу: