Ленинград облысының делегациясы Қарахан кесенесімен танысты
22.10.2026
Ресей Федерациясының Ленинград облысынан келген делегация өкілдері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан және Дәуітбек кесенелерін аралады.
Экскурсияны гид-археолог, өлкетанушы Искандер Торбеков жүргізді. Ол қонақтарға кесенелердің тарихы, сәулеттік ерекшеліктері және ортағасырлық Тараздың тарихи-мәдени мұрасындағы орны туралы мәлімет берді.
Тарихи ескерткіштермен танысу барысында делегация мүшелері өңірдің сәулет мұрасын зерделеп, көне Тараздың тарихы туралы мағлұмат алды.




