«Ел тарихы – қасиетті мұраларда»
23.10.2026
25 қазан – Республика күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жасөспірімдерге арналған тақырыптық экскурсия өткізді.
Қатысушылар көне Тараздың тарихи ескерткіштерімен танысып, олардың ел тарихындағы орны мен мәдени маңызы жөнінде ақпарат алды.
Танымдық шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық мұраға құрметін арттыру және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.



