Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

05.12.2025
Екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
              Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
              Кездесу барысында басқарма төрағасы – ректордың  уақытша  міндетін  атқарушы  Сейтжан          Әуесжанұлы Орынбаев пен музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы Мергенбай тарихи-мәдени нысандарды бірлесе дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ нарыққа жаңа өнімдерді шығару бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін атап өтті.
              Аталған меморандум  екі  тарапқа  тәжірибе а лмасуға,   ғылыми   экспедициялар   ұйымдастыруға, студенттердің практикалық сабақтарын өткізуге, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.
 
 
Бөлісу: