Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлы қоғам талабы – құзіретті маман» атты дөңгелек үстел өтті

26.02.2026
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлы қоғам талабы – құзіретті маман» атты дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысып, қазіргі цифрлы қоғам жағдайында бәсекеге қабілетті, жан-жақты құзіретті маман даярлаудың маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері Гүлмарал Үшкемпірқызы мен Ақдидар Жәнібекқызы қатысып, музей-қорық жұмысы туралы кеңінен таныстырды. Олар студенттерді үйірме жұмыстарына белсенді қатысуға шақырып, бітіруші түлектерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа тарту мүмкіндіктері жайында ақпарат берді.

Галерея

Бөлісу: